Бостондағы қазақстандық студенттерге айыптар тағылды

None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Полицейлер Бостондағы лаңкестік ісі бойынша ұсталғандардың есімдерін атады.

Олар - Қазақстан азаматтары Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робел Филипос. Бұл туралы РБК жазып отыр.

Массачусетс штаты прокуроры кеңсесінің шағын блогында жазылғандай, қазақстандықтарға әділеттілікті орнатуға кедергі жасады және жалған куәлік етті деген айыптар тағылды. Ал тәртіп сақшыларына жалған түсініктер берген Р. Филипос тек жалған куәлік етті деп айыпталуда.

Алдын ала болжамға сәйкес, Джохар Царнаевқа ішінде жарылғыш зат пен ноутбук болған арқа қоржынынан арылуға университетте бір топта оқитын студенттер көмектескен.

Әзірге Қазақстан билігі тарапынан ресми іс-әрекет жасалған жоқ.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафонында екі жарылыс орын алып, салдарынан 3 адам ажал құшты, 200-ге жуығы жапа шекті. Кейін полиция лаңкесті жасаған екі күдіктінің ізіне шығып, олар АҚШ-та заңды түрде тұрып жатқан Солтүстік Кавказдың тумасы ағалы-інілі Тамерлан мен Джохар Царнаевтар болып шықты. Тәртіп сақшыларымен қақтығыс барысында Т. Царнаев қаза болды. Ал 19 жастағы Д. Царнаев көп ұзамай қолға түсті. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы абақтыға тоғытылады немесе өлім жазасына кесіледі.