Атап айтқанда, 2024-2026 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне АҚШ-тың Бостон университеті қосылды.
1 қазанда ресми жарияланған бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Жас ғалымдар тағлымдамадан өтетін шетелдік университеттер тізбесі кеңейтуді жоспарлап отырғанын жазған едік. Тізім ғылыми қоғамдастықтың өзекті қажеттіліктерін, заманауи тенденцияларды және ғылымды дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ жаңа ғылыми бағыттар мен перспективалы серіктес ұйымдардың пайда болуын ескере отырып қалыптастырылады.