Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Бота Серікқызы Елеусізова Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бота Елеусізова 1975 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: Мемлекеттік қазақ ауыл шаруашылығы және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған.
Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, бас маманы, Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түрген ауылдық округінің әкімі болды.
Кеген ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.