Байқауға қатысу туралы өтініштер 2012 жылғы 1 мамырдан 30 мамырға дейін қабылданады. Байқауға қатысуға арналған құжаттар жиынтығы мен толық ақпаратты «БОТА» ҚҚ-ның www.bota.kz сайтынан табуға болады.
Ұсынылатын гранттар 290 мың теңгеден 7 млн. 250 мың теңгеге дейін болады. Қор жыл соңына дейін гранттық байқау арқылы халықтың әлеуметтік жағдайы төмен және осал топтарындағы балалар мен жастарды қолдауға шамамен 300 млн. теңге бөлмек.
Айта кетейік, 3 жылдың ішінде «БОТА» қоры жалпы сомасы 942 млн. теңгеден асатын 320 жобаны қаржыландырды.