«БОТА» қоры 2014 жылдың мамыр айында өз қызметін тоқтатады. 2009 жылдан бері қор қомақты білім, мол әдістеме және Қазақстандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасаудың ерекше тетіктерін жинақтап үлгерді. Бұл әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы 20 мықты елдің тәжірибесі бойынша құрылған өте қызықты инновациялық тетіктер. Сондықтан бағдарлама аяқталғанымен, біз бұл тәжірибенің бұдан әрі жалғасын тапқанын қалаймыз», - деді Манен Омаров.
Айта кетейік, конференция Қордың және оның еліміздегі әлеуметтік қызмет көрсету бағытында жұмыс істейтін серіктестерінің жетістіктерін баяндау мақсатында өткізілген болатын.
«БОТА» Қоры өз қызметін 3 бағдарлама негізінде жүзеге асырды. Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасы (КАЖБ) Қордың ең ірі бағдарламасы болып табылады. Оның аясында жәрдемақылар беріліп, еріктілер тренингтер жүргізеді және тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуде басқа да инновациялық тәсілдер қолданылды. КАЖ бағдарламасының жалпы жұмыс жасаған кезеңінде оған 100 мыңнан астам адам қатысты, және Бағдарлама бенефициарларына 3,8 млрд.теңге көлемінде жәрдемақылар төленді.
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ) КЕҰ-ға жетім балаларды және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастарды қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында грант негізінде қаржы бөледі. 2009 жылдан бері Қазақстан бойынша 571 әлеуметтік жоба қаржыландырылды. Грантқа жұмсалған қаражаттың көлемі 1,4 млрд. теңгені құрады. ӘҚҚБ 33 мыңнан астам бенефициарға қызмет көрсетті.
Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) бүгінгі таңда Қазақстанның әр аймағында тұратын 700-ден астам стипендиатқа жоғары, техникалық және кәсіби білім алуға мүмкіндік туғызып отыр. Олардың 127-сі биыл оқуларын тәмамдайды. 2012 жылы Бағдарлама түлектерінің жұмысқа орналасуын қолдау туралы стратегияны жасап шығарды. Қордың жұмыс жасаған уақытынан бері БГБ 841 білім грантын бөлген. Бағдарлама аясында 931 млн. теңге көлемінде төлемдер жасалды.
«БОТА» Қоғамдық қоры -Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қорғалуына инвестиция жасау арқылы жақсарту миссиясын ұстанған еліміздегі ең ірі қор. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы 140 мыңнан астам әйелдер, балалар мен жастар «БОТА» Қорының үш бағдарламасының аясында көмек алды.