«2019 жылдан бері төлемдер тоқтатылды. Қазір аз мөлшерде жүріп жатыр. Күні кеше ғана бір тоқсанға 55 хит әннің авторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын пайдаланғаны үшін 22 мың теңге алдық. Бұл Әнұраннан бөлек, өйткені қазір Әнұран – мемлекеттің меншігі», – дейді Ботагөз Қалдаяқова.
Ол Қалдаяқов атындағы қордың директоры ретінде көптеген іс-шараны өткізу үшін үнемі қаражат іздейтінін, бұл ретте Авторлар қоғамы шын мәнінде үлкен қаржы жинайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Қайрат Нұртастың ән мәтіндерінің авторына төленетін төлемді тілге тиек етті.
Оның айтуынша, автор өлеңдері үшін 1 млн теңгеден бастап алады.
Аталған мәселеге байланысты Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова тексеру жүргізуге уәде берді.