Sleevely - балалар тағамы үшін стандартты бөтелкелерге арналған арнайы қондырғы. Ол баланың қанша тамақ жеп, қаншасын қалдырғанын автоматты түрде өлшеп, тағамның температурасын, дайын өнімнің жарамдылық мерзімін жіті қадағалап, оның қашан өтетіндігін ескертіп отырады.
Барлық ерекшелік тек осы ғана емес. Құрылғы смартфондарға арналған мобильдік қосымшамен де жұмыс істеп, баланың тамаққа деген тәбетін, тәулік ішінде қанша тамақ тұтынғанын автоматты түрде есептейді.
Осылайша Sleevely көптеген ата-аналар сәби дүниеге келгеннен кейін жүргізіп отыратын күнделіктің орнын толығымен алмастыра алады. Құрылғы стандартты батарейкамен жұмыс істейді әрі оны ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болады.
Гаджетті ойлап шығарған азаматтар өз өнімдеріне патент алу үшін қаржы жинауда және ағымдағы жылдың желтоқсанында тұтынушыларға алғашқы үлгісін ұсынуды мақсат етуде.