Бөтелкелерден 10 метрлік шырша орнатылды
14:46, 25 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырымдағы Судак маңындағы аққайнар шығаратын зауыттардың бірі бөтелкелерден шырша орнатты.
Оның биіктігі - 10 метр.
Зауыттың қоғаммен байланыс бойынша маманының хабарлауынша, шырша жасауға пайдаланылған бөтелкелердің бәрі бос.
Өзгеше шыршаның тірегін құрастыруға шамамен үш тонна металл жаратылған, деп хабарлады Росбалт.