Үлкендігі жағынан әлемдегі ең ірі алмаз канадалық Lucara Diamond Corporation компаниясының африкандық кенішінен табылды.
Компания басшысының айтуынша, жүз жылдан астам уақыттың ішінде табылған ең үлкен зергерлік сападағы салмағы 1000 караттан асатын алмаздың табылуының маңызына баға жеткісіз.
Алмаз іздеушілерде 100 жылдан астам уақыт бойы мұндай үлкен олжа болған емес. Куллинан алмазы 1905 жылы ОАР-да табылған болатын. Куллинан Ұлыбритания королі Эдуард VII-ге сыйға тартылды. Алмазда жарықтар болғандықтан ол тоғыз ірі және 96 ұсақ бриллианттарға бөлініп, ең үлкендері Британия империясы тәжіне қадалды, деп хабарлады Би-би-си.