деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Рейтингіні құрастыруда бойдақ адамдардың саны, олардың өмір сүру жағдайлары, мансаптық және ойын-сауық орындарын таңдау мүмкіндіктері есепке алынды.
Журналдың мәліметтеріне қарағанда, Нью-Йоркте жалпы тұрғындардың 28 пайызы бойдақтар. Қалада 35 мың мейрамхана, 745 мұражай және 3,8 мың ішкілік орындары бар. Манхэттендегі бір кісілік пәтерге айына орта есеппен 3,5 мың доллардан астам қаржы жұмсалады.
Сонымен қатар журнал экономикалық дағдарыс және жұмыссыздықтың өсуі бойдақтардың өз сыңарын іздеуіне белсенділігін бәсеңдеткенін атап көрсетеді. Бойдақтар үшін жайлы қалалар үштігіне сондай-ақ Бостан мен Чикаго қалалары кірді.