Бойы ұзын әйелдер мен ерлер тұратын мемлекеттер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвиялық әйелдер мен голландиялық ерлер жер бетіндегі ең ұзын жандар. NCD Risk Factor коллаборациясының ғалымдары жасаған соңғы зерттеудің нәтижесі осындай, деп хабарлады The Guardian газеті.

Ғалымдардың анықтауынша, Латвия әйелдерінің орташа бойы 168 см құрайды, ал нидерландтық ерлердің орташа бойы 182,5 см екен. Бұл зерттеу соңғы 100 жылда әлемнің 187 еліндегі адамдардың бойы ұзарып жатқанын дәлелдеген. Мәселен, Ирландиядағы ерлердің бойы 1914 жылдан бастап, шамамен 16 сантиметрге ұзарған. Ал әйелдер арасында оңтүстіккореялық нәзікжандыларды мысал етіп алуға болады. Соңғы 100 жылда олардың бойы 20 сантимерге өскен.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Бельгия, Латвия, Эстония, Дания ерлерін де ұзын бойлылардың қатарына жатқызуға болады. Ал ең аласа ерлер Шығыс Тиморда тұратын болып шықты. Ең ұзын әйелдері бар елдер - Нидерланды, Эстония, Чехия екен.  Ал Гватемала әйелдерінің бойы ең қысқа, соңғы 100 жылда 10 сантиметрге ұзарғанын есепке алсақ, олардың қазіргі орташа бойы - 150 сантиметр.

Зерттеушілер, Жер бетіндегі әйелдерге қарағанда ерлердің бойы 12 сантиметрге ұзын екенін анықтады.

Ертеректе Африка континентінің тұрғындары биік деп саналатын. Бірақ зерттеушілер Африка мен Таяу Шығыс елдері халқының соңғы бірнеше онжылдықта төмендеп кеткенін айтуда.