Олар Эллиотты автомобильді тұрып жүргізді деп күдіктенген. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлайды.
Алайда, машина сатумен айналысатын ер кісінің бойының ұзындығы 200 сантиметрге жеткен. Клиентіне машина алып бара жатқан ол көлікке сыймаған.
Соттың кезекті отырысында Эллиот адвокатының нұсқауымен өзінің көлікті қауіпті жүргізетінін мойындаған. «Сіз шатыры ашылатын шағын көлікке басқа жүргізушілерге бойыңыздың ұзындығын көрсете отырып мінгеніңіз анық. Сіз басқа жүргізушілердің назарын өзіңізге аудардыңыз, ал бұл қауіпті», деп мәлімдеді істі қараған судья.
Эллиотқа 27 ақпан - соттың келесі отырысына дейін машина руліне отыруға тиым салынды.