Оның осындай өзгеше «асқа» тәуелділігі алты жыл бұрын пайда болды. Сол кезден бері Эллисон ай сайын автомобиль дөңгелегінің 6 келіден астамын жеп отырады. Бойжеткен бұл әдетінен арыла алмай, тіпті арылғысы келмей жүр.
«Маған химиялық дәм ұнайды. Бұл дәмдік рецепторлар үшін нағыз шок. Тамаша!», - деп мойындады асқа жатпайтын материалды күн сайын жеп отыратын Эллисон.
Шиналарды жеу қарынның ашуын қандырып қана қоймай, тамаша рахат сезіміне бөлейді. Әрине, бойжеткен дөңгелектерді толықтай жемейді. Өз асқазанына ыңғайлы болып, оны сақтап қалуы үшін Эллисон резинаны ұсақ турап жейді.
Өзінің ерекше әуестілігінің алты жылында американдық бойжеткен жалпы алғанда 50 шинаны жасауға жететін резинаны жеп үлгерді. «Резина текстурасы бойынша маған ысталған сиыр етінің дәмін еске түсіреді. Оны шайнау қиын, бұл тістерің үшін нағыз жаттығу болып табылады», - деп баяндады резинаны жақсы көретін қыз.