Сол кезден бері бойжеткен сыртқы келбетін жиі ауыстырып, өзгеру нәтижелерінің фотосуреттері мен бейнежазбаларын Facebook-те және өзінің YouTube-арнасында жариялаған. Оның киімдері мен макияжының шығындарын ата-анасы өтеді.
Сал болған бойжеткеннің айтуынша, ол бұл бастамасы арқылы тағдырдың осындай сынағына тап болған адамдарды шабыттандырғысы келеді. «Мен сыртқы келбетіме көп көңіл бөлемін. Басыма түскен жағдай қалыпты және толыққанды өмір сүруіме кедергі болған жоқ», - деді Бритни.
Ғаламтордағы белсенділігінен басқа, ол сал болып қалған басқа адамдарға кеңес беріп, өздеріне деген сенімді арттыруға көмектесіп жүр.