Ол түрлі-түсті көйлегін киіп түскен суреттерді Facebook -тегі парақшасына жүктеді.
Суретші Эмили Сейлхамердің (Emily Seilhamer) күйеуі оған Starburst кәмпиттерінен алғаш танысқан күні дәм татуға берген. Америкалық бойжеткен содан бері сүйіктісінің жеген кәмпиттерінің қағазын лақтырмай, жинай берген. Біршама уақыттан кейін түрлі-түсті қағаздар бір қапшыққа толған.
Сейлхамердің айтуынша, көйлекті жасау қиынға соқпаған, бірақ көп уақытын алған. Әрбір ораманы ол үтікпен тегістеп, жіппен байланыстырып отырды. Сондай-ақ ол көйлегінің дизайнын бірнеше рет өзгерткен. Себебі Starburst кәмпиттерін өндіруші компания бойжеткеннің көйлегіне қажетті түстегі қаптамалардың өндірісін бірнеше рет тоқтатқан.
Starburst кәмпиттерін Mars Incorporated компаниясы өндіреді, штаб-пәтері АҚШ-тың Вирджиния штатында Маклин қаласында орналасқан.