Бойжеткен кен орнынан 2,65 караттық алмаз тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Оклахома штатының 25 жастағы тұрғыны Виктория Бродски (Victoria Brodski) кен орнынан салмағы жеті караттан асатын бағалы тасты табуға болатынын білгеннен кейін, «Алмаз кратеріне» өзінің туған күнінде келуге ұйғарады.

Аталмыш жерге келген соң, бірнеше минуттың ішінде оның көзіне шахтаның кіре берісінен жалтылдаған түрлі-түсті шыны түседі, деп хабарлайды UPI.

Бойжеткен саябақтың музейіндегі бағалы тастардың үлгілерін көргеннен кейін, оның тапқан шыныларының асыл тастар екеніне көз жеткізген.

«Миссис Бродскидің тапқан заты - менің бұл жерде бұрын-соңды көрген ең әдемі қоңыр алмаздарымның бірі», - деп мәлімдеді музей қызметкері Вэймон Кокс (Waymon Cox).

Кокс табылған алмазды «Ниндзя-тасбақалар» мультфильміндегі кейіпкерлердің бірінің құрметіне Микеланджело деп атады.