Бойжеткенді зорлықшылардан құтқарып қалған қостанайлық заң алдында жауап береді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай полициясы күдіктіні ұстау кезінде қару қолданған күзет қызметкеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 23 маусым күні Қостанай қаласындағы Амангелді көшесінің бойындаболған. №15 балабақшаның күзетшісі пульттік күзетті көмекке шақыру үшін дабылпернесін басқан. Оқиға орнына жеткен пульттік күзет қызметкерлері 3 жігіттіңбойжеткенді зорлық көрсетіп жатқанын көрген. Мұнан соң қылмыскерлер жан-жаққақаша бастаған. Қылмыскерлердің біреуін тоқтатпақ болған пульттік күзет қызметкеріоқ атқан.

«Қару қолданылған кез келген жағдайдың заңдылығына тексеру жүргізіледі. Оқатқан күзет қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 252 бабы, 2 бөлігі бойынша (Жекеше күзетқызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы) іс қозғалды. Бірақ,осы оқиғаға байланысты жан-жақты тексеру шаралары жүргізіліп, шешім шығады. Заңосылай», - деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар тексеру жұмыстарын прокуратура қадағалайды.