Бозбала мылқаулармен сөйлесуге мүмкіндік беретін құрылғы жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда 16 жастағы бозбала мылқаулармен сөйлесуге мүмкіндік беретін құрылғы жасап шығарды. Бұл ғажайып құрылғы Google Science Fair көрмесіне қойылып та үлгерген, деп жазады шетелдік БАҚ.

Talk коммуникаторы адамның дем алысын талдап, оны дыбыстайды. Бұл құрылғы шығарылған дыбыстардың 70 пайыздайын анықтай алады. Алайда мамандар оны бұдан да тәуір етіп жасауға болады деп отыр. Құрылғы толықтай дайын болған соң оны 100 доллар көлеміндегі бағаға сатып алуға болады.