Мәжілісте өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 1,7 есеге өскенін, яғни 2015 жылы 21,2 млрд. теңгеге жеткенін атап өтті.
«2014 жылмен салыстырғанда нақты мәндегі өндіріс көлемі 1,5 пайызға артты. 5 жылда инвестициялар 4 есеге өсті, 7,8 млрд. тегеге дейін. Комбайндар мен тракторлардың, сондай-ақ басқа да техниканың жаңа өндірістері құрылды. Бүгінде ауыл шаруашылығы техникасын шығару бойынша Қазақстан кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты жылына 1 545 комбайынды, 3 600 трактор мен 500 дана жатканы құрап отыр»,-деді Тоқтабаев.
Алайда баяндаманың осы сарыны Божконы қанағаттандырмады. Осы орайда депутат мыңдаған тракторлар туралы мәліметпен келіспейтінін айтты.
«Жаңа ғана Асқар Мырзахметов проблеманы нақты атап өтті ғой... Дәл сол жағдай беларусьтік комбайндарды жинау бойынша Қостанай кәсіпорнына қатысты. Олар тәжірибе жүзінде бірде-бір темірді өздері жасап жатқан жоқ. Сіздер кімге ертегі айтып жатырсыздар?! Олар шын мәнінде дайын комбайнды алады, кейіннен «ҚазАгролизинг» арқылы қосымша қаржыға қол жетізіп, өте жақсы өмір сүріп жатыр... Міне бұл сіздердің ұйымдастыру, қадағалау бойынша атқарған жұмыстарыңыз. Осы Үкімет сағатына келер алдында адамдар барлық деректерді оқып, танысты ғой! Келісемін, сіздерде лисаковтық жаткалар (дестелегіш) жұмыс істейді, 12 метрлік жақсы жасалған техника. Проблема жоқ. Алайда, жоғарыда мәліметтерді кімге айтып жатырсыз?»,-деп сұрады В. Божко.
Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шауашылығы министрі Асқар Мырзахметов бұрындары ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындары өкілдеріне дилер қызметін атқару тиімдірек болғанын нақтылап өтті.
«Неліктен? Себебі, техниканы кіргізген кезде ҚҚС-тің нөлдік мөлшерлемесі болатындай заңнама бізде жұмыс істеп тұрды. Енді, бұл мәселе Үкіметте қаралып, біз оны алып тастадық. Бүгінде сырттан тасыған емес, Қазақстанда өндірген тиімді болады»,-деді Мырзахметов.