Бұл негіздеменің негізінде енді кен орнында бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр. Ол аяқталған кезде компания Бозшакөлдегі алтын қоры туралы қосымша деректерге ие болмақ. Бұрғылау жұмыстары 2011 жылдың алғашқы жартысында, ал тексерілген техникалық-экономикалық негіздеме 4-тоқсанда жарияланады деп жоспарлануда.
Жалпы Бозшакөл жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін мердігерлік Aker Solutions ұйымы жасады. Олар сондай-ақ, кен орнындағы негізгі инженерлік жұмыстарды да жүргізетін болады. Ол келесі жылы аяқталмақ. Қазіргі таңда құны 90 миллион долларға жуық құрал-жабдықтарға тапсырыстар берілді. Онда алғашқы кен 2015 жылдың аяғында алынбақ.