Бозымбаев мұнайды қайта өңдеу көлемі неліктен жоспардан қалып жатқанын түсіндірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаев елімізде мұнайды қайта өңдеу көлемі неліктен жоспардан қалып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 7айының қорытындысы бойынша мұнайды қайта өңдеу көлемі 9,58 млн тоннаны құрады.Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайыздық өсімді көрсетіпотыр. Бірақ, жоспарлы көрсеткішке 1,2 пайызға жете алмадық. Оның себептері бар.Өзіңіз білетіндей, ағымдағы жылдың басында бензин экспорты тоқтап, мұнай-өңдеузауыттарының бензин резервуарлары толып қалуына байланысты болған. Биыл маусымайынан бастап бензин экспорты басталып, мұнай-өңдеу зауыттары толыққанды жұмысістеп жатыр. Белгіленген жоспарды жыл соңына дейін орындаймыз деп отырмыз», -деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынақарағанда, мұнай өндіру көлемі бойынша ешқандай қиындық жоқ.

«Мұнай өндірусаласында жоспарлы көрсеткіштен қарағанда қарқын 11,2 пайыздан жоғары. Биыл 100пайыз орындаймыз деп күтілуде», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар