«Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұнай өңдеу көлемін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Үш отандық мұнай өңдеу зауытын жаңғыртқаннан соң мұнай өңдеу көлемі 2019 жылдан кейін 14,5-тен 17,5 млн. тоннаға дейін өседі. Түсті мұнай өнімдерінің, яғни бензин, дизель отыны, авиаотынның өндірісі артады»,-деді министр.
Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттары іске қосылып, жобалық қуатына көшкен кезде еліміздің ішкі қажеттілігін отандық мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.
«Осы жұмыстардың нәтижесінде жанар-жағармай импортына тәуелділік жойылады деп күтілуде»,-деп атап өтті ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанға жанар-жағармайдың қажетті бір бөлігін Ресейден тасымалдануда. Әсіресе, сұранысы жоғары АИ-92 бензині көршілес елден импортталуда.
11:04, 01 Наурыз 2017
Бозымбаев Ресейдің АИ-92 бензиніне тәуелділік қашан жойылатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында өңделген өнімдер көлемі үш млн. тоннаға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.