«Шынымды айтсам, мен де Ақышев мырзаның (Ұлттық банк төрағасы - авт.) осы пікірін оқыған едім. Бірақ ол ойдың өзегін, пікірдің негізін түсінбей отырмын. Біз бензин бағасынан бұрын теңгенің бағамына алаңдап отырамыз», - деді Қ.Бозымбаев.
Ал «Жалпы, қазақстандықтар алдағы жылды қалай қарсы алуы керек? Сізде қандай да бір болжам бар ма?» деген сұраққа министр: «Қазақстандықтар 2018 жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуы керек деп ойлаймын», - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мұнайды өндіру көлемін артығымен орындап шықты.