Ақтөбе облысы Шалқар ауданында «ВАЗ-2110» жеңіл көлігі Шалқар көліне батып кетті. Автокөлік салонындағы үш адамның екеуі жағаға өз күшімен шығып үлгергенімен, біреуінің денесін құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға 8 қаңтар күні сағат 15:52-де болған.
- 1980 және 1971 жылы туған екі адам өз күшімен жағаға шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Екеуі де медициналық көмекті қажет етпеді. Ал, 1972 жылы туған үшінші адам суға батып кетті. Құтқарушылар жолаушының денесін сағат 17:45-те алып шықты. Олар қамыс оруға шыққан. Көл үстінен өтіп бара жатқанда мұз ойылып кеткен, - деп жазды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.