Бір айда 18 млрд теңге залал келтірген сыбайлас жемқорлық істері әшкереленді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 110 сыбайлас жемқорлық. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.

89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.

129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді.

Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңге, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды.

Айта кетелік Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталған еді