«Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумының баспасөз орталығы қалай жұмыс істейді

«Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығы аясында Бейжіңде өтетін жоғары деңгейлі III Форум қарсаңында форумның баспасөз орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Кazinform. 

Фото: Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform

Баспасөз орталығы ҚХР астанасының «Олимпиада ауданы» деп аталатын аумағындағы Қытай ұлттық конференция орталығының көрме кешенінде орналасқан.

Баспасөз орталығы Қытай ұлттық конференция орталығының көрме залдары мен фойесін алып жатыр. Онда жұмыс аймағы, пресс-конференция залдары, телерадио хабарларын тарату студиялары, сұхбат бөлмелері, фотостудиялар, орталық диспетчерлік пункт және сигнал жазу бөлмесі бар.

Фото: Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform

Оқиғаларды нақты уақыт режимінде тарату үшін жалпы жұмыс аймағында үлкен экрандар орнатылған. Сондай-ақ, журналистерге арналған 468 орын бар.

Фото: Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform

Баспасөз конференцияларын өткізуге арналған төрт зал бөлінген. Олардың ең үлкеніне 200 адам сыяды. Баспасөз орталықтарында, сондай-ақ, сұхбат алуға арналған бөлмелер бар.

Фото: Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform

Баспасөз орталығының қызмет көрсету бюросы БАҚ үшін анықтамалық материалдар таратады және көлік қызметі, тарихи көрікті жерлер мен маршрутты жоспарлау туралы кеңес береді.

Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform

Баспасөз орталығында шетелдік тілшілерді қытай мәдениетімен, тарихымен, Бейжіңнің көрікті жерлерімен таныстыратын көрмелер қойылған.

Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform

БАҚ өкілдеріне тамақтану орындары мен бірнеше кофе-брейк алаңдары ұйымдастырылған.

Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform
Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform
Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform
Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform
Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform
Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform
Фото: Руслан Сүлейменов/ Kazinform