«Бір белдеу, бір жол»: қазақ-қытай бірлескен бастамасына – 10 жыл

Фото: Фото: Kazinform

Мыңдаған шақырымға созылған бұл жолдың тарихы тереңде жатыр. Бұл жолмен түйелерден бастап, Қытай-Еуропа жүк пойыздарына дейін Шығыс пен Батыс арасында әртүрлі тәсілдермен тауарлар үздіксіз тасымалданып келеді.

Бұл дәліздің алғашқы жол салушылары шөл дала, көлдер мен мұхиттарды кесіп өтіп, өзара әрекеттестік пен байланыс үшін көпір салды. Бүгінде «Бір белдеу, бір жолдың» негізін қалағандар мәдени және географиялық шекараларды еңсеріп, Қытайды әлеммен байланыстырып келеді.

Биыл «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасының ұсынылғанына 10 жыл толды – Қытай мен әлем дамып келе жатқан Ұлы Жібек жолының жаңа беттерін жазу отыр. 

10 жыл бұрын Қазақстан астанасында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу ұсынысын айтты. Қазақстан жұртшылығы Қытай басшысының идеясын қолдады. 10 жылда екі мемлекеттің басшысының жеке қолдауы және бірлесіп басшылық етуінің арқасында Қытай мен Қазақстан қос елдің халқына пайда тигізіп, олардың ортақ дамуына сеп болған бірнеше ондаған бірлескен ірі жобаны сәтті іске асырды.

«Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрылыс тұжырымдамасы көптеген бағыттарды қамтып, Қытай мен Қазақстанның әртүрлі салаларда ынтымақтастығын нығайтуға перспективалар ашады. 2014 жылдың қараша айында Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен үндесетін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынды. Бұл бағдарламалар ұқсас және бір-бірін өзара толықтырып отыр.

Идеяны бірлесіп жүзеге асыру Қазақстан инфрақұрылымының дамуына, әсіресе Қытай мен Қазақстан арасындағы транзиттік автомобиль және теміржол тасымалы, сондай-ақ халықаралық мультимодальды тасымалдың артуына септігін тигізіп, Қазақстан дамуын жеделдетуге және түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге негіз салды.

Биылғы жылдың қазан айында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі 3-ші форумы өтті. Бұл оқиға аталған жобаның онжылдық мерейтойына орайластырылған ең салтанатты шаралардың бірі ғана емес, сондай-ақ «Белдеу мен жолды» бірлесіп салу бағытындағы ынтымақтастықты талқылауға мүмкіндік беретін маңызды платформа болды.

«Бір белдеу, бір жол» аясындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 3-ші форумға орай Қытай халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп қол жеткізген нәтижелерін шығарып, өзара алмасу мен ынтымақтастықты нығайта түседі, жобаның жоғары сапалы бірлескен құрылысын одан әрі дамыту жолдарын пысықтайды, сондай-ақ елдер арасындағы өзара тиімділік пен ортақ пайдаға, халықтар арасындағы достық пен мәдени жақындыққа және өзара білім беруге негізделген «Жібек жолы» дәуірінің жаңа тарауын ашады.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаһандық даму үшін серіктестіктерді қалыптастыруға серпін береді деп күтілуде.