Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісіне айналды.
Қазақстан көшесінің тұрғындары қатарында «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, көпбалалы ана Альфия Долданова да өз таңдауын жасады.
— Бүгін біз бір көше болып, бірге келіп дауыс бердік. Бұл — біздің ел болашағына бейжай қарамайтынымыздың белгісі. Әр азаматтың таңдауы маңызды деп ойлаймын. Балаларымыздың болашағы жарқын, еліміз тыныш әрі берекелі болсын, — деді Альфия Долданова.
Қазақстан көшесінің тұрғындары үшін таңғы дауыс беру ерекше атмосферада өтті. Үлкендермен қатар жастар мен отбасылар да белсенділік танытып, сайлауға азаматтық жауапкершілікпен қатысып отыр.
Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 5361-ді құрап отыр.