Бүгін Астана, Ақтөбе және Талдықорған қалаларындағы автодромдарда практикалық емтихан кезінде үміткерлер көлікті басқара алмай, емтихан жоспардан тыс аяқталған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.
Азаматтарға арналған үкіметтің мәліметінше, емтихан тапсыру барысында үміткерлер педальдарды шатастырып, жол белгілері мен қоршауларды қағып кететін жағдайлар болады. Тіпті өзге көліктерге соғылып та қалады.
— Бұл оқиғалар практикалық емтиханға келмес бұрын, теориялық білімнен бөлек, автокөлікті сенімді басқаруды үйреніп, кез келген тосын жағдайға жылдам әрекет етуге дайын болу қажет екенін көрсетеді. Рөлде абай болып, емтиханға тыңғылықты дайындалған жөн. Жол үстіндегі немқұрайлылықтың соңы өкінішке ұрындыруы мүмкін, — деп хабарлады корпорациядан.
Айта кетейік, 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігі не себепті жарамсыз деп танылғаны белгілі болды.