Бір облыста көлік қозғалысына 3 күнге шектеу енгізіледі
11:54, 09 Қаңтар 2026
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
– 9 қаңтар сағат 12:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан – Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жолды 12 қаңтар сағат 08:30-да ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін 9 қаңтарда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық екенін жазғанбыз.