Бір топ қостанайлық кешеден бері жылусыз отыр

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанай қаласында жылу беру құбыры жарылып, ондаған үй жылусыз және ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Жылу беру трассасындағы апат Маяковский көшесінде кеше 14 қарашада болған.

«Жылусыз қалған аумаққа ерекше балаларға арналған балабақша, мектеп-интернат және 11 КЖО мен бірнеше көшедегі ондаған үйлер кірген, - делінген Қостанай жылу беру компаниясы хабарламасында.

Ондағы мәлімет бойынша апат бүгін сағат 17.00-ге дейін жөнделеді деп хабарланған. Алайда тұрғындар әлі де суық үйде отырғандарын айтуда.

Еске салсақ қараша айының басында Қостанай облысының Рудный қаласында бірнеше жерде жылу трассасы жарылды.  Жарылыс орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.