Бағдарламаны іске асыру аясында Қазақстанның 17 өңірінде 150 жаңа ерікті өрт сөндіру пункті құрылды. Олардың ашылуы ауылдық жерлерде өртке қарсы қорғаныш желісін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді, мұнда бұрын кәсіби бөлімшелер болмаған немесе шұғыл қызметтердің келу уақыты айтарлықтай ұзарған болатын.
Барлық пункт тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру үшін қызметтік-тұрмыстық үй-жайлармен, заманауи байланыс құралдарымен, қажетті жабдықтармен және өрт сөндірушілердің киімдерімен қамтамасыз етілген. ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне 149 бірлік өрт техникасы берілді, бұл жедел әрекет ету мен өртті ерте кезеңде оқшаулау мүмкіндіктерін едәуір арттырды.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыруда мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, бизнес өкілдері және бастамашыл азаматтар арасындағы белсенді өзара әрекеттестік қамтамасыз етіліп жатыр. Жоба алдағы уақытта да кезең кезеңімен кеңейіп, жаңа елді мекендерді қамти отырып, ауыл халқының қауіпсіздік деңгейін арттыруға және елдің азаматтық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылғанын жазған едік.