Бір жылда кафе-ресторандағы баға 9,4% қымбаттаған

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды. Жылдық мәнде баға 9,4% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро. 

Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану орта есеппен 12,4% өскен. 

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе және 2303 мейрамхана тіркелген.