Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасай отырып хабарлады.
Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің - 2, заңсыз аң аулау және аң аулау ережелерін бұзудың - 79, заңсыз балық аулаудың - 26, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың 2 дерегі тіркелді.
Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 2 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Аталған мерзімде барлығы 6 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы тұсында 1979 ж.т. азаматтың басқаруындағы «ГАЗ-66» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан заңсыз сексеуіл бұталары табылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы, 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 1980 жылы туылған 2 азамат түн мезгілінде аң аулап жүрген жерінен қолға түсті. Ұсталғандарға тиесілі «Нива» маркалы автокөлігін тексеру барысында, автокөліктің жүксалғышынан 3 қоянның өлі денесі анықталды. 2 ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 1 дана прожектор айғақ зат ретінде алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.