Браконьерлер қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазинов жұма күні жерленеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қаныш Нұртазиновты туыстары мен жақындары жұма күні, 26 шілдеде Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ақтық сапарға шығарып салады. Марқұмның мәйіті, алдын ала мәлімет бойынша, туған жеріне 25 шілдеде жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаныш НұртазиновҚарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында туып-өскен. Әскерде отан алдындағыборышын өтеген соң туған ауылына оралады. 2012 жылы ол Қоскөл ауылында учаскелік инспектор болып қызмет етті. 2016 жылдан бері «Охотзоопром»инспекторы болып, вахталық әдіспен жұмыс істеген. Жұбайы Сайлаукүл ауылдықкітапханада жұмыс істейді. Марқұмның соңында 5 баласы қалды, үлкен қызы - 20жаста, ал кенжесі - 3 жаста. Қоскөл ауылында қайтыс болған инспектордың ағасытұрады, бұған қоса оның інісі және екі қарындасы бар. Марқұмның қарт анасыКеңгір ауылында тұрады.

«Қоскөл ауылыныңхалқы Қаныш Нұртазиновтың қайтыс болғанын естігенде қатты қайғырды.Себебі оны бәрі өте жақсы көретін және құрметтейтін. Ол мейірімді, жауапты адамеді. Көмек сұрап келгендерге әрдайым қол ұшын созуға дайынболатын», - дейді Қоскөл ауылының әкімі Досет Уатаев.

Ауыл тұрғындарымарқұмның отбасына жерлеуге қажетті көмекті көрсетуде.

«Біздің ауыл өтекішкентай, бірақ соған қарамастан ауылдың әрбір тұрғыны өз үлесін қосып,жерлеуді ұйымдастыруға көмектесіп жатыр», - деді ауылдық округ басшысы.

Әзірге марқұмның денесі туған ауылына жеткізілмеген. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт25 шілдеде әкелінеді. Ал 26 шілде, жұма күні Жезқазған қаласында марқұмныңжаназасын шығару рәсімі өтеді. Қаныш Нұртазиновты туыстары Қоскөл ауылындажерлемек.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында киік атқандарды анықтайды. Браконьерлер ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атады, салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмды, ал, оның 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық ауруханасына жатқызылған еді.

Осыған орай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алды. Артынша бұл істі Ішкі істер министрі мен Ақмола облыстық ПД басшысы бақылауына алды. Сонымен қатар, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру барысында күдіктілер - Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы баласы ұсталды.