Қостанай облыстық ІІД Табиғат қорғау полициясының бастығы Талғат Ахметов хабарлағандай, ұсталғандар Әулиекөл ауданының орман шаруашылықтарындағы ағаштарды заңсыз шабумен 20 қарашадан бері айналысып келгенін мойындады. Ағаштар сатуға жіберілді. Мамандардың есептеуінше, мемлекетке келтірілген шығын 911 мың 385 теңгені құрап отыр.
16:16, 22 Желтоқсан 2010
Браконьерлер Қостанай орманында қырықтан астам жас шыршаның тамырына балта шапты
ҚОСТАНАЙ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қостанай-Садчиковка тас жолында ГАЗ-52 автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде, көліктің жүк салғышынан жас шыршаның 43 діңгегін анықтады. Жүк көлігінің ішінде болған үш браконьер де құрықталды.