Браконьерлер өлтірген инспектордың отбасына барлық көмек көрсетіледі – министрлік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазиновқаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезіндекөз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлыққажетті көмек көрсетіледі», - деп жазды министр өзінің Твиттер-дердегіпарақшасында.

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғаттықорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік атуфактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанайоблысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірібелгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш НұртазиновДержавинск ауруханасында көз жұмды.

Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелеріталқыланып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат ОспановқаДержавинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар