Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың артында төрт баласы қалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі браконьерлер оғынан жарақат алған инспекторлар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол –Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қоскөл ауылының тұрғыны. 2016 жылдың 5қаңтарында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК жұмысқа тұрған. Оның артында әйелі, үш қызыжәне 2011 жылы туған ұлы қалды», - делінген министрліктің баспасөз қызметініңхабарламасында.

Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелеріталқыланып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Оспанов Самат Көшбергенұлы 1975 жылы Ақмола облысында туған. Білімі - орташа-арнаулы, заңгер. Қазіргі таңда СаматқаДержавинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғаттықорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік атуфактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанайоблысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірібелгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.

Еске сала кетсек, жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындакиік атқан браконьерлер екі инспекторды жаралаған еді. Ауыр жарақат алған ЕрланНұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар