«Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2021 жылдың басынан Қызыл кітапқа енген және жоғалып кету қаупі бар жабайы жануарларға қатысты браконьерліктің 23 фактісі анықтады.
Оның ішінде 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 5-еуі сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.
Комитетке бағынысты ведомство - «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары браконьерлік фактілердің алдын алу үшін үздіксіз тексерістер жүргізетінін айта кеткен жөн», - деді министрліктен.
Браконьерлік қылмыстар үшін ҚР ҚК-нің 337-бабына («Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын және суық қаруды, аулау құралдарының басқа да түрлерін қолдану») сәйкес 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.
Браконьерліктің жоспарланған немесе жасалған фактісі туралы ақпарат болған жағдайда комитеттің 8-777-678-52-52 жедел желі телефонына хабарласуға болады.