"Барра брава" аты берілген аргентиналық қызба мінезді жанкүйерлердің елге келуіне қарсы шаралар кең ауқымда жүргізіліп жатыр. Олардың бірі Сан-Паулу халықаралық әуежайында ұсталды, екеуі Рио-де-Жанейро стадиондарында қолға түсті, тағы екеуі Фос-де Игуасу ауданында ел шекарасынан өтпек болып тұрған жерінен кері қайтарылды.
07:31, 16 Маусым 2014
Бразилия билігі аргентиналық 5 қызуқанды жанкүйердің ӘЧ-ға келуіне рұқсат бермеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия билігі өздерінің қызуқандылығымен танылған 5 аргентиналық жанкүйерді футбодан ӘЧ-ға келтірмей қойды. Бұл туралы бүгін оңтүстікамерикалық мемлекеттің әділет министрлігі хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.