Бразилия экономикасы үш тоқсан бойы өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия ІЖӨ ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 1,6 трлн реалды (шамамен 500 млрд АҚШ доллары) құрады. Бұл екінші тоқсанға қарағанда 0,1 процентке өсті деген сөз. Ел экономикасы осымен үшінші тоқсан қатарынан өсумен келеді. Бұл туралы Синьхуа хабарлайды.

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары 0,8 және 0,6 %, ал ауыл шаруашылығы 3 %-ке қысқарған.

Үй шаруашылықтарын пайдалану көп жылдардан бері Бразилия экономикасының өсіміне септігін тигізіп келеді. Ол үшінші тоқсанда екінші тоқсанмен салыстырғанда 1,2%-ке артқан.

Бұдан тыс, машина жасау мен азаматтық құрылысқа салынған инвестициялар 1,6%-ке артып, 2013 жылдың үшінші тоқсанынан бері енді ғана өсу тенденциясын көрсетіп отыр.