«Формула-1» әлем чемпионаты маусымның 20-кезеңі саналатын Сан-Паулу Гран-приімен жалғасады.
Бразилия Гран-приі Сан-Паулудағы Жозе Карлус Пасе атындағы автодромда өтеді. Трассаның ұзындығы — 4 309 метр. Жарыс 71 айналымнан тұрады.
Іріктеу жарыстары ертең GMT 3 уақыты бойынша сағат 21:00–де басталады.
Негізгі жарыс 8 қараша, жексенбі күні сағат 20:00–де өтеді.
Алдыңғы аптада Мексика Гран-приінде үшінші орын алған 20 жастағы италиялық Mercedes командасының пилоты Кими Антонелли «Формула-1» әлем чемпионы атанды. Ол жарыс тарихындағы ең жас чемпион ретінде рекорд орнатты.
Бразилия Гран-приі қарсаңында пилоттар мен командалардың жалпы есебіндегі үздік бестіктің тізімі төмендегідей:
Жеке есеп
Кими Антонелли (Италия) — 380 ұпай;
Макс Ферстаппен (Нидерланд) — 261 ұпай;
Льюис Хэмилтон (Ұлыбритания) — 259 ұпай;
Джордж Расселл (Ұлыбритания) — 250 ұпай;
Шарль Леклер (Монако) — 245 ұпай.
Командалық есеп
Mercedes — 630 ұпай;
Ferrari — 504 ұпай;
Red Bull — 382 ұпай;
McLaren — 365 ұпай;
Racing Bulls — 108 ұпай.
Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы Кими Антонелли «Формула-1» тарихындағы ең жас чемпион атанғанын хабарлағанбыз.