Бразилия - Қазақстанның Латын Америкасындағы ірі серіктесі

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бразилия - Қазақстанның Латын Америкасындағы ірі серіктесі.

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы ірі серіктесі болып саналады. Биыл біз Қазақстан мен Бразилия Федеративті Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығын атап өтеміз»,-деді ҚР Президенті.

Өткен жылы Қазақстанның Латын Америкасы өңіріндегі елшілігі ашылғандығын айта келе, «экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтуге біздің мемлекеттеріміздің алдында мол мүмкіншіліктер бар деп санаймын. Елшілік осыған қызмет етеді»,-деді Мемлекет басшысы.