Бразилия КХДР құрамасын ұтты

None
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Бразилия топтық кездесуде Корей Халықтық Демократиялық Республикасының командасын 2:1 есебімен ұтты.

Алғашқы таймда қос команда да есеп аша алмады. Екінші таймның 56-шы минутында бразилиялық шабуылшы Битенкурт Майкон алғашқы гол соқса, араға 16 минутты салып оның әріптесі жартылай қорғаушы Элано Блумер ұпай санын еселей түсті. Ал ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда солтүстіккорейлік Чи Юн Нам қарсыластар қақпасына гол соғуға мүмкіндік алды.