Бразилия құрамасының қақпашысы ерекше нөмірмен алаңға шықты

Фото: Футбол жаңалықтары/ В контакте

АСТАНА. KAZINFORM – Бразилия құрамасының қақпашысы Алиссон Мексика құрамасымен болған жолдастық кездесуде 110 нөмірмен өнер көрсетті.

31 жастағы қақпашы әдетте 1 нөмірлі жейдемен алаңға шығатын. Жалпы, көптеген қақпашыларға 1 нөмірі тиесілі.

Алиссон Мексикаға қарсы матчтың 90 минутын да ерекше санмен ойнады. Оның себебі бар. Биыл Бразилия өзінің 110 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Бұл ретте, қақпашыға бірегей жейде жасауға арнайы рұқсат берілген.

Бұған дейін Бразилияның D сериясындағы (елдегі төртінші дивизион) «Флуминенсе де Фейра» футбол клубы ойыншылардың формасына нөмірлерді емес, супермаркет желілеріндегі азық-түлік бағасын басқанын жазған едік.