Жергілікті полиция қызметкерлері футбол фанаттары мен футболшыларды сабырға шақырып, жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеді. Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси командаластарын алаңнан алып кетті.
Жанжалдан соң Маракана стадионындағы ойын өз уақытынан 27 минутқа кеш басталды.
Тартысты өткен матчтағы жеңісті голды португалиялық «Бенфика» командасының қорғаушысы Николас Отаменди салып, құрамасына маңызды үш ұпайды сыйлады. «Пентакампиондар» бұл кездесуді он ойыншымен аяқтады. Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Джоэлинтон 81 минутта алаңнан қуылды.
Айта кетейік, 15 ұпаймен Аргентина Оңтүстік Америка аймағындағы іріктеу ойындарының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. 7 ұпаймен Бразилия алтыншы орынға жайғасқан.