Бразилия мен Мексика «автомобиль соғысын» аяқтады

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Бразилия мен Мексика автомобиль экспортына шектеу қоюға қатысты дау-дамайға соңғы нүкте қойды.

The Financial Times агенттігіне сілтеме жасап Лента.ру-дың хабарлауынша, екі елдің арасындағы 10 жылға созылған жанжалды реттеуге байланысты келіссөздер 9 айға созылған.

Тараптар қол қойған келісімге сәйкес, Мексика Бразилияға автомобиль экспортына ерікті шектеу қояды. Елдің машина жасаушылары алдағы 3 жылдың ішінде 1,55 млрд. доллардан аспайтын сомаға машина сата алады. Ал өз кезегінде Бразилия мексикалық автомобильдерге баж салығын төмендетеді.