Бразилия президенті Д. Роуссефф мемлекет басшысы лауазымындағы екінші мерзіміне кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбіде Бразилияда қайта сайланған президент Дилма Роуссеффті ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы ретінде екінші мерзімін бастай отырып, ол ант қабылдады.

Ұлықтау рәсіміне 27 мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ үкімет өкілдері немесе 66 елден елші қатысты.

Ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеген Д. Роуссефф экономика өсімін жаңартуға, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуге уәде берді.

Сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларға залал келтірмей, экономикалық реттеу жолдарын табу қажеттігін атап өтті.

Ол 6 ай ішінде сыбайлас жемқорлықпен шешімді күресте сот органдарына жәрдемдесетін бағдарламалар пакетін әзірлеуге уәде берді.