Д.Руссефф құттықтауын бүкіл Бразилия халқының және жеке өзінің атынан жолдаған. «Екіжақты ынтымақтастығымызды нығайту және Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіру үшін мен Сізбен жұмысымызды жалғастыруды қалайтынымды тағы да атап өткім келеді», делінген құттықтауда.
11:29, 14 Мамыр 2015
Бразилия Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздейтінін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Дилма Руссеф Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті болып қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.