Folha de Sao Paulo газеті жазғандай, саясаткер өзі қатысқан Бразилия президенті лауазымынан уақытша шеттетілген Дилма Русеффке импичмент бойынша жақында өткен дауыс беру кезіндегі келеңсіз эпизодтардан қашуға тырысады.
Олимпиаданың ашылуы кезінде президент міндетін атқарушы қолайсыз сәттерге тап болды. «Маракана» стадионындағы саясаткер сөз сөйлеген 10 секунд бойы жұртшылық наразылық білдіріп, ысқырған. Сонымен бірге, М.Темер дәстүр бойынша Олимпиада ойындарын қабылдаушы елдің басшысы ретінде таныстырылған жоқ.
БАҚ мәліметі бойынша, бұл шешімді Олимпиада кезіндегі наразылықтар санын азайту үшін президент міндетін атқарушының өзі қабылдаған.
10 тамыз күні Бразилияның Федералды сенаты (парламенттің жоғарғы палатасы) Руссеффке импичмент рәсімінің жалғасуын қолдады. Бұл шешімді заң шығарушылардың 59-ы қолдады, 21-і қарсы болды.